Күзетшіні жамбасқа лақтырған дзюдошы қыз әлемнің вице-аруы атанды
Instagram/ab_aigerimm
Грэпплингтен қыздар арасындағы алғашқы чемпион атанған Әйгерім Әбілқадірова әлемді тағы да таңғалдырды. Бұл жолы оның жекпе-жек өнері емес, сұлулығы көзге түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
29 жастағы Әйгерім Miss World International 2025 халықаралық сұлулық байқауының финалисі және вице-аруы атанды. Байқау Майамиде өтті. Оған қоса қызға Miss Glamour Model номинациясы берілді.
Жерлесіміз сұлулық байқауында ғана емес, дзюдодан Pan America Miami Open ашық халықаралық кубогында топ жарып, алтынға қол жеткізді. Одан кейін бразилиялық джиу-джитсу чемпионатында бірден екі дивизионда жеңіске жетіп, тағы екі алтын медаль алды.
Мұндай нәтиже байқау төрешілерін ғана емес, америкалық клубтарды да тәнті етті. Оған модельдік агенттік пен спорттық ұйымнан ұсыныс түскен.
«Финалист және вице-мисс атандым, Miss Glamour Model номинациясында жеңіске жеттім. Үш алтын медаль жеңіп алып, екі келісімшартқа қол қойдым. Майами мәңгі менің жүрегімде» деп жазды Әйгерім Instagram парақшасында.
Әйгерім Әбілқадырова – грэпплингтен Қазақстандағы тұңғыш және жалғыз әлем чемпионы, дзюдодан 11 дүркін ел чемпионы, Азия чемпионы, актриса және модель. 2022 жылы бойжеткен Miss Europe Continental халықаралық сұлулық байқауында жеңімпаз атанса, 2019 жылы еліміздің ең сұлу 10 спортшысының қатарына енді.
Ал спортшының күзетшіні жамбасқа лақтырған бейнежазбасы әлі күнге интернетте ара-тұра шығып тұрады. Телеарналардың эфирінде Әйгерім спортшы, поп-ММА файтері Алпамыс Өтеловпен сөзге келіп қалған еді.
Бұл бейнеролик 100 млн қаралым жинап, жылдың үздік меміне айналған болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ердоғанмен 14 мамырда болатын кездесуді талқылады
- Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерация президентінің кеңесшісі атанды
- Ақмола облысының тас жолында фура жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысты
- Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі 10 жылға сотталуы мүмкін
- Енді атыраулықтар Ташкентке тікелей ұша алады
- Соғыс басталғалы бері Ормуз бұғазынан алғашқы Ирак танкері өтті
- Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткен күдіктілер ұсталды
- Тағы бір танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды
- Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады
- Зеленский Ресей жаппай қауіпті соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді
- Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті