Қысқа мерзімді микрокредиттер мөлшерлемелері төмендеуі мүмкін

cover Фото: Gov.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының әдістемесі және пруденциялық реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаев түсініктеме берді.

Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

«Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері халықтың борыш жүктемесіне және шамадан тыс кредит алу деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. Жоғары мөлшерлемелер кредиттік ұйымдарға ықтимал тәуекелдерді өтеуге және кредиттердің тәуекелі жоғары қарыз алушыларға беруге жағдай жасайды», - деді Дәурен.   

Бұл ретте бизнестің жоғары маржиналдылығы қамтамасыз етіледі, бұл банктер мен микроқаржы. ұйымдарының тұтынушылық кредиттеуді дамытуға мүдделілігін күшейтеді.

«Болашақта бұл ықтимал жағымсыз салдарды толық бағаламайтын кредиттік ұйымдардың бизнес-моделінің орнықтылығын төмендетуі мүмкін. Қарыз алушы үшін жоғары мөлшерлеме берешектің барынша тез өсуіне және кредит бойынша төлем мерзімін кешіктіру тәуекелінің артуына әкеледі»,- деді директор.

Бұл тұрғыдан ең үлкен тәуекелдер онлайн-микрокредиттеу секторында немесе «жалақыға дейінгі қарыздар» деп аталатын секторда байқалады, онда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бойынша шектеуді сақтамай, 45 күнге дейінгі мерзімге 50 АЕК-ке дейін микрокредиттер беру мүмкіндігі заңнамалық түрде көзделген. 

Нәтижесінде биыл 1 маусымда жағдай бойынша онлайн-микрокредит беру сегментіндегі қарыз алушылар саны 1,1 млн адамға жетті, оның ішінде 248 мың адамның проблемалық қарызы бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар