Қысқа дайындық басталды: үкімет жылу электр орталықтарын жөндеуге ақша бөлуді көздеп отыр
Фото: Ашық дереккөзден
Үкімет қысқа дайындық бойынша отырыс өткізді. Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстарына 17 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Энергия көздерін дайындауға ҚР Үкіметінің резервінен алдын ала 17 млрд теңге бөлінді. Мемлекет қабылдап жатқан шаралар 2024 жылы салаға шамамен 327 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді, бұл өткен жылғы деңгейден 44%-ға артық» делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.
Олжас Бектенов ЖЭО жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылатынын айтты.
«Энергетика министрлігі әр объект бойынша маған апта сайын баяндап отыруға тиіс. Егер жұмыстар мерзімінде аяқталмай, сапасы төмендеп кететін болса, онда меншік иелерімен қатар, әкімдіктерге қатысты да шара қабылданылатын болады», — деді Олжас Бектенов.
Қазақстан халқын қыста жылумен қамтамасыз ететін жалпы саны 37 жылу электр орталығы (ЖЭО) бар. Олар 40-50 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Көбі ескірген, тозу деңгейі 90-95%-дан асады. Кейінгі 30 жылда елімізде бірде-бір ЖЭО салынбаған.
Жаңалықтар
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін