«Күштеп жасатқан»: Екібастұзда даму орталығындағы қыз баланың қолы жарақаттанды

cover Фото: Бейнеден кадр

Екібастұзда даму орталығында нұсқаушының дөрекі әрекетінен кейін қыз баланың қолы жарақаттанды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сабақ кезінде нұсқаушы қыздың қолынан тартып, жаттығуды күштеп жасатқан. Осыдан кейін бала қолын бауырына қысып, жылаған.

Қыздың анасының досы баланың дамуында кідіріс бар екенін, сондықтан қыз не жағдай болғанын түсіндіре алмағанын айтты. 

«Баланың дамуында кідіріс бар. Ол ата-анасына не болып жатқанын айта алмаған. Бірақ жақында анасы қызының көп жылап, ұялшақ бола бастағанын байқаған. Мүмкін, бұл мінез осы нұсқаушының сабақтарынан кейін пайда болған шығар. Осы уақытқа дейін нұсқаушы да, орталық басшысы да бұл оқиғаға қатысты кешірім сұрамады», — деді әйел. 

Қыздың ата-анасы полицияға арыз түсірді. Павлодар облыстық полициясы тергеу басталғанын айтты. 

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Дерек бойынша, Екібастұздағы түзету орталықтарының бірінде нұсқаушы кәмелетке толмаған балаға қатысты өз міндетін дұрыс орындамаған»,  деп хабарлады облыстық ПД. 

Айта кетейік, Семейдегі түрмеде қыз зорлаған қылмыскер көз жұмды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар