Қырымда ұшақ жартасқа соғылды: 29 адам ажал құшты

cover Фото: YURI SMITYUK

Қырымда Ан-26 әскери-транспорттық ұшағы апатқа ұшырап, 6 экипаж мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болған. Кейбір дереккөздер ұшақтың жартасқа соғылғанын мәлімдеді.

«Іздеу-құтқару тобы ұшақ апаты болған орынды анықтады. Апаттан 6 экипаж мүшесі мен бортта болған 23 жолаушы қаза тапты», деп хабарлады ведомстводағылар. 

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі кеше, сейсенбі күні шамамен сағат 18:00-де әскери-транспорттық Ан-26 ұшағымен байланыс жоғалғанын хабарлаған еді.

Қазіргі уақытта басқа нақты мәліметтер жарияланбады. 

Ан-26 жеңіл әскери-транспорттық ұшағы 1975 жылы қолданысқа енгізілген. Ол әскер мен техниканы орта қашықтыққа тасымалдауға арналған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар