Қырғызстанның экс-президентінің ұлына билікті құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды
Фото: Freepik
Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаевтың хаттары әлеуметтік желіде тарады. Атамбаевтың ұлы өз хатында билікті күшпен құлатуға әрекет жасады деген айып тағылғанын, мұндай айыптың ақылға қонымсыз екенін жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Kaktus.media дерегінше, Қадырбек Атамбаев 22 қарашада жазған хатында өзі де, серіктестері де ешкімді жаппай тәртіпсіздікке шақырып, үндеу жасамағанын, тек Свердлов округінде депутаттыққа кандидат Қыял Тоқторбаеваны қолдап, үгіт-насихат жүргізгенін айтады.


«22 қараша күні таңғы сағат 07:00-де Қой-Таштағы үйден шығарылған соң, анам екеуміз жалдап тұратын пәтерге арнайы жасақ баса-көктеп кірді. Оншақты адам бірден тінту жүргізіп, оның себебін түсіндірмеді де» деп жазды Қадырбек Атамбаев.
Ол спорттық киім мен бас киім киген қызметкерлердің қысым көрсеткенін, адвокатын күтетінін айтқанда, оны қорқытып, азаптағанын жеткізді. Оның айтуынша, өзіне таңылған «қастандық» айыбын билік Темірлан Сұлтанбековтің жасырын камераға түсірген «ас үйдегі әңгімелерінен» алынған үзінділермен дәлелдемек болған.
23 қарашадағы хатында Қадырбек Атамбаев өзіне тағылған айыптың «жаппай тәртіпсіздікке шақыру» деген айыптан «билікті күшпен құлатуға оқталуға» қайта өзгертілгенін хабарлады.


«Мұндай айып тағудың себебі — әлеуметтік желідегі парақшамда азық-түлік бағасының қымбаттауы мен энергетика саласындағы мәселелер жөнінде жазғаным», – дейді ол.
Алайда Атамбаев энергетикадағы мәселелер туралы әлеуметтік желіде жазба жарияламағанын, керісінше, бас прокурордың атына Алексей Ширшовтың адамдарымен байланысты майнинг-ферманың қызметіне қатысты ресми шағым жолдағанын атап өтеді. Алексей Ширшов Қырғызстан энергетикасының «сұр кардиналы» ретінде аталады, ал аталған майнинг-ферма оған және 2010 жылғы сәуірде биліктен тайдырылған президент Курманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевке қатысты делінеді.
Оның айтуынша, азық-түлік бағасы мен экономиканың ахуалы туралы жазбалары талдамалық сипатта болған және ресми статистикаға сүйенген.
«Мұны қалай билікті күшпен басып алуға талпыныспен теңестіруге болады?» деп жазады ол.
Атамбаев өзіне қатысты істі «абсурд театры» деп атап, ауыр айып тағуға себеп болған жайттар — ғылыми мақалалар, әлеуметтік желідегі жазбалар және Алексей Ширшовқа қатысы бар адамдарға жолданған шағым екенін айтады.
Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев елдегі сөз бостандығының құрығаны, қарыздың шектен тыс өскеніне және сыбайлас жемқорлық жайлағанына қазіргі билікті айыптады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран