Қырғызстанда TikTok-ты бұғаттау шешімі қайта қаралуы мүмкін

cover Фото: freepik.com

Қырғызстанда мәдениет министрлігі TikTok желісін ел аумағында бұғаттау шешімін қайта қарауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Министрліктің алқа отырысында мәдениет министрінің орынбасары Марат Тағаев Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау туралы шешімді қайта қарау қажеттігін мәлімдеді.

Оның айтуынша, ақпараттық ортаны мониторингтеу және зерттеу орталығы тарап кеткен. Ал елде ақпараттық платформалармен және әлеуметтік желілермен жүйелі түрде өзара іс-қимыл жасайтын орган жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында Қырғызстан мәдениет министрлігі TikTok-тың елдегі қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Содан кейін цифрлық даму министрлігі де провайдерлерден қызметті дереу бұғаттауды талап еткен болатын. Шенеунік қолданыстағы бұғаттауға қарамастан, азаматтар, соның ішінде жастар, VPN қызметтері арқылы TikTok-ты пайдалануды жалғастырып отырғанын айтты.

Сондай-ақ ол платформаға қолжетімділікті шектеу жастар аудиториясына, креативті индустрия өкілдеріне және TikTok-ты жарнама мен табыс табу құралы ретінде пайдаланатын шағын бизнеске кері әсер еткенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар