Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді

cover Фото: 24KG

Қырғызстанда Тай-Мурас Тәшиевтің полицияға жауап алуға шақырылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz 24KG сайтына сілтеме жасап.

Тай-Мурас Тәшиев бұрынғы ҰҚК төрағасы Камшыбек Тәшиевтің үлкен ұлы. Қырғызстан ішкі істер министрлігі бұл мәліметті нақтыламады. Бірақ жоққа да шығарған жоқ.

Тай-Мурас Тәшиевтің есімі бұған дейін де мүліктік мәселелер мен бизнес операцияларға қатысты даулы жарияланымдарда аталған. Алайда ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.

Тай-Мурас Тәшиев — 32 жаста. Қазіргі таңда «Томас и Ко» компаниясы директорының орынбасары қызметін атқарады. 2021 жылы Жалал-Абад қалалық кеңесіне «Ата-Журт Кыргызстан» партиясынан депутат болып сайланған. Бірақ кейін мандаттан бас тартқан.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар