Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандық іздестіріліп жатыр
Фото: Шу облысы МІІБ
Қырғызстан полициясы шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандықты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Шу облыстық МІІБ жоғалған адамды табуға көмектесуді сұрайды.
Ведомство мәліметінше, полицияға 50 жастағы Қазақстан азаматы арыз түсіріп, ұлы Әлібек Саматұлының (1997 жылы туған) жоғалғанын хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы 14 қарашаға қараған түні қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде жоғалып кеткен.
«Жоғалған адамның белгілері: бойы 174 см, орта денелі, шашы қысқа, бетінде қал бар. Ерекше белгісі – сол аяғындағы тыртық. Жоғалған кезде қара түсті спорттық киім және жеңінде қызыл жолағы мен ақ жиектемесі бар қара күртеше киген» делінген хабарламада.
Бұл дерек Шу облыстық МІІБ-де тіркелген. Іс Аламедин ауданының ІІБ-не тапсырылды. Соталды тергеу басталған.
Қырғызстан құқық қорғау органдары Әлібек Саматұлының қайда екенін білетіндерден кез келген ақпаратты келесі телефондарға хабарлауды сұрайды: 0312363527, 0312363523 (кезекші бөлім) немесе 0701059585.
Жаңалықтар
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды