Қылмыс әлемінің серкесі Павлодардағы қай нысанды басып алмақшы болды?

cover Фото: pixabay

Қылмыстық топ Павлодарда қандай ірі кәсіпорынды рейдерлік жолмен басып алмақ болғанын облыс әкімі Байханов ашып айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Жақында Павлодарда ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды рейдерлік жолмен басып алуға қатысы бар қылмыстық топ жетекшісі құрықталған болатын. Асайын Байхановтың айтуынша, жергілікті банданың ұйымдастырған рейдерлік әрекеті салдарынан кәсіпорынға бір миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Бұл өндірістік база айтарлықтай инфрақұрылымдық құндылыққа ие емес.

«Біздің қалада осындай мыңнан аса база бар. Бұл солардың қатарындағы қарапайым өндірістік нысан. Бұл база Қамзин көшесіндегі өнеркәсіптік нысандар мен қоймалар қатарына жатады», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Байханов тергеу құпиялығына байланысты кейбір ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар