«Қураған ағашқа дейін жап-жасыл»: Тоқаевты Ақтөбе қалай қарсы алды?
Фото: Orda.kz
Президентті ерекше дайындықпен қарсы алған Ақтөбе әкімі Азамат Бекет күлкіге қалды. Бүгін қаладағы қураған ағаштың бұталарына дейін «ғажайыптың құдіретімен» жасыл түске боялды. Бір-ақ күнде жол белгілері салынып, бағаналар боялып, қала іші өзгеріп шыға келді, деп хабарлайды Orda.kz.
25 маусымда Ақтөбеге Қасым-Жомарт Тоқаев барып қайтты. Ақтөбеліктер президент жүретін жолдағы қураған ағаштардың бұтағына дейін жап-жасыл қылып қойды.
Мемлекет басшысы келерде жанталасқан жергілікті әкімдіктің көзбояушылығы желіде күлкіге айналды. Желі қолданушылары:
«Ақтөбе ағаштарды жасыл түске бояп жатыр. Жергілікті әкім қобалжып, аспанға кемпірқосақ салып жүрмесін» деген бейнежазба жүктеді.
Бейнежазба түсірілген жерге Orda.kz тілшісі арнайы іздеп барды. Ол Әлия Молдағұлова даңғылында түсірілген.
Жол бойындағы ағаштардың табиғи түстен мүлде өзгеше екені көзге оттай басылады. Тіпті, ағаш бұталарына дейін жап-жасыл.
Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері институтының алдындағы жол бойы да осылай безендірілген.
Жапырағы қурап кеткен ағаш бұталары жап-жасыл.
Жол жиегіне шөп төсеген. Желі қолданушылары ағашты ұстағанда жасыл бояу жұғатынын айтып, жерге төгілген жасыл сұйықтықты да көрсеткен.
Ал Ақтөбе қаласының әкімдігі:
«Ағаштарды бояп жатыр деп әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп ақталды.
«Inva Profi» ЖШҚ мамандары Ақтөбенің жасыл желектеріне жоспарлы түрде күтім жасауы керек. Ағаштарды аурудан және температураның өзгеруінен өсімдіктерді қорғау үшін құрғақ бұтақтарды кесу, санитарлық кесу, иммуностимуляторлармен өңдеу (Nature, Эпин, Циркон) сияқты жұмыстар олардың міндетіне жатады. Бұл жайлы әкімдіктің баспасөз қызметі айтып берді.
«Өсімдіктерді бактериялық аурулардың аман алып қалу үшін топырақ Фундазол, Фитоспорин және Превикурмен емдейді. Көгерген өсімдіктер құрамында мыс бар препараттармен емделеді. Маусым бойы тыңайтқыштармен (әмбебап кристалл, фосфор мен калий мөлшері жоғары кристалл) т.б. қоректенеді. Күн сайын жасыл желектердің жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Ағаштардың айналасындағы топырақты қопсыту, арамшөптерден тазарту және қажет болған жағдайда үнемі гербицидтермен қоректендіреді», — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі Айгүл Байменова.
Сонымен қатар, Ақтөбе әкімдігі президент келмей тұрып, жарық шам бағаналарын бояп, жол белгілерін жаңартты.
Естеріңізге салайық, осыған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің қызметкері президенттің жолына белгі саламын деп сотталып кеткенін жазған едік. Бюджет қаржысынан бөлінген 200 миллионнан астам теңгенің талан-тараж қылған шендінің 8 жылға сотталғанын тілшіміз хабарлады. Бұл жолы жол белгілерін қандай қаржыға бояғанын сұрағанымызда жергілікті әкімдік жауап бермеді.
Айта кетейік, кеше ақтөбелік көпбалалы ана президенттен Ақтөбе әкімі Азамат Бекетті жауапқа тартуды сұраған еді. Себебі әкімдік қызметкерлері жалғызбасты аналарды, соның ішінде төрт баласы бар ананы апаттық жағдайда деп танылған жатақханаға кіргізген болатын.
Тоқаев Ақтөбеге сапарын Әлия Молдағұлованың ескерткішіне тағзым етуден бастады. Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына 100 жыл. Кейін мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді