Құмар ойындарын реттейтін комитет құрылды

cover Фото: pixabay.com

Туризм және спорт министрлігінде ойын бизнесі мен лотереяларды реттеу жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды Orda.kz министірлікке сілтеме жасап.

Енді туризм және спорт министрлігінің құрамына 3 комитет кіретін болады. Атап айтар болсақ, туризм индустриясы комитеті, спорт және дене шынықтыру мәселелері комитеті және ойын бизнесі мен лотереяларды реттеу комитеті.

Комитеттің функцияларына ойын қызметтері мен оларды пайдаланушылар туралы ақпарат жинау, салалық мәселелерді жедел шешу және заңнаманы сақтау кіреді.

«Туризм индустриясы комитеті, туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесі және лотереяларды реттеу комитеті құрамынан бөліп қайта ұйымдастырылды» делінген үкіметтің қаулысында.                                                                                                                             

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар