Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады

cover Фото: Orda.kz

Қазақстандық әнші Қуандық Рахым Алматыдағы ұлттық кітапханада референдумға дауыс берді, бірақ Димаш Құдайберген денсаулығына байланысты дауыс беруге келе алмады, деп хабарлайды Orda.kz.

Референдумда дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Ұлттық кітапханада мәжілісмен Азат Перуашевтан кейін әнші Қуандық Рахым келіп, дауыс берді. 

Көптеген БАҚ өкілдері Димаш Құдайберген келеді деп күткен еді, алайда оның анасы Димаштың денсаулығына байланысты Астанадан бері қарай шықпағанын сол жердегі БАҚ өкіліне жеткізді.

Әнші Қуандық Рахым өзінің сүйікті тыңдармандарымен суретке түсіп, БАҚ өкілдеріне сұхбат бермей  шығып кетті.

№254-учаскенің жетекшісінің мәліметінше, Ұлттық Кітапханадағы учаскеде 1700-ден астам адам тіркелген, оның шамамен 30 пайызы келіп дауыс берді. Ал қала бойынша 650 шақты учаске бар.

Оқи отырыңыздар:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар