ҚР Салық кодексі жобасына шетелдік қаражат үшін есеп беру міндеті енгізілді
Шетелдік қаржыландыру үшін есеп беру міндеті Қазақстанның Салық кодексі жобасына енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жаңа Салық кодексі жобасында шетелдік мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алу, жұмсау кезіндегі тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімдерінің міндеттері ескерілген», - деп хабарлады премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.
Бұған дейін мәжілісмендер шетелдік қорлар мен ҮЕҰ арқылы Қазақстанның ішкі саясатына, атап айтқанда, депутаттардың пікірінше, идеологиялық жат құндылықтарды (ЛГБТ, радикалды феминизм, субмәдениеттер) жақтайтын және ұлттық тұрақтылыққа нұқсан келтіретін USAID қаржыландыратын сыртқы араласу мәселелерін көтерген болатын.
Парламентарийлер ұлттық құндылықтар негізінде ішкі саясат пен идеологияны қорғау, шетелдік қаржыландыруға бақылауды күшейту, осындай ұйымдардың қызметін реттеудің заңнамалық тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ қоғамды біріктіруге және мемлекеттік мүдделерді деструктивті ықпалдан қорғауға қабілетті ел тарихындағы алғашқы Ішкі саясат тұжырымдамасын дайындау қажеттігі туралы мәлімдеді.
Бұдан бұрын Илон Маск USAID-ті COVID-19 дамуын қаржыландырды деп айыптаған болатын.
БҰҰ мәліметінше, халықаралық гуманитарлық көмектің 40 пайызы USAID-тың үлесінде. АҚШ Конгресі мақұлдаған ондаған миллиард доллар халықаралық көмекті басқаратын USAID-ты Маск «қылмыстық ұйым» деп атады.
28 наурызда АҚШ Мемлекеттік департаменті Конгресті USAID - АҚШ Халықаралық даму агенттігінің таратылғаны туралы ресми түрде хабардар етті.
Артынша АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржыландыруы тоқтатылған гранттар тізімі жарияланды.
Ақ үй халықаралық даму агенттігінің (USAID) күмәнді шығындарын көрсетті, оның ішінде Қазақстандағы қандай жобаларды Америка қаржыландырғаны аталды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?