Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Коллаж: Orda.kz
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz.
Қаржы полициясының экс-басшысы Қожамжаров өкілеттігін асыра пайдаланған және ақшаны жылыстатқан деген күдікке ілінді.
«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П.Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша оның басшылық лауазымдарда болған түрлі кезеңдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды» деп жазылған хабарламада.
Барлық қылмыстық іс бойынша арнайы прокурорлардың басшылығымен жедел-тергеу топтары құрылды. Ведомство атап өткендей, ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Экс-шенеунікке лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және басшылық лауазымдардағы қызметінің әр кезеңінде қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша айып тағылады», деп хабарлады Бас прокуратура.
Ведомствода қылмыстық істерді тергеу үшін арнайы прокурорлардың басшылығымен жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылғанын қосты.
Бұған дейін біз қазір Қожамжаровтың айналасындағы адамдар тергеуде екенін жазғанбыз. Әңгіме Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның бұрынғы басшысы Талғат Татубаев пен арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель туралы болып отыр. Олар Қожамжаровтың жақын серіктестерінің бірі болып саналады.
Қаржы полициясы мен Бас прокуратураның бұрынғы басшысы Талғат Махатов түрмеге қамалды және жақында тағы бір ұзақ мерзімге кесілді. Сондай-ақ, соңғы ақпарат бойынша, тергеушілер Мақсат Дүйсеновті көздеген.
Қайрат Қожамжаровтың туыстары Шымкент мұнай өңдеу зауыты маңындағы жерді иеленген. Қайраттың інісі кәсіпкер Дулат Қожамжаров мемлекетке заңсыз өткен активтерді қайтаруы тиіс тұлғалардың тізіміне енді. Бұл шешімді Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті қабылдады
Жаңалықтар
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады