Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан

cover Фото: Көрнекілік үшін

Қостанай тұрғыны Владимир Шремф өмірден өтпей тұрып, өзінің қайтыс болғаны тура күәлікті қолына алды, деп хабарлайды Orda.kz.      

30 наурыз күні Қостанай қаласының тұрғыны Владимир Шремф өзінің Әулиекөл ауданында тұратын анасына қайтыс болғаны туралы күәлік рәсімдемекші болады. Құжаттарды рәсімдеу үшін Владимир аудандық емханаға жүгінген.

Алайда анасының өлімі туралы анықтама мен жеке куәлігін тапсырған кезде, медицина қызметкері өрескел қателік жіберіп, куәлікті марқұм анасына емес, өтініш берушінің өз атына рәсімдеп жіберген.

Енді Шремф шын мағынасында «өмірден баз кешіп» отыр.  Оның барлық құжаты жарамсыз болып қалғандықтан, енді ол табыс таба алмайды, мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмайды, тіпті медициналық көмекке жүгіне алмайды, жүргізуші куәлігі мен ЖСН-і де жарамсыз деп танылған.

Оның «өлімін» рәсімдеген емхана қызметкері тәртіптік жаза алды, алайда Владимир Шремфтің құжаттарын қалпына келтіру әлдеқайда күрделі болып шықты.

Қазір ол жағдайды сотқа дейін реттеуге тырысып, тіркеу органынан қате тіркелген «қайтыс болғаны»  туралы жазбаны жоюды талап етуде.

Егер бұл нәтиже бермесе, жәбірленуші сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Яғни, бұл жағымсыз оқиға әлі де ұзаққа созылуы мүмкін. «Қайтыс болғаны» туралы күәлігін құшақтап жүрген азаматтың ендігі бар үміті сот қорытындысымен өзінің тірі екенін дәлелдеп, құжаттарын ретке келтіру болып отыр. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар