Қостанай облысында өгей қызын зорлаған АИТВ диагнозы бар ер адам сотталды

cover Фото: freepik.com

Қостанай облысында ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметіне зер салсақ, қыздың өгей әкесі анасы үйде жоқ кезде зорлық көрсеткен. Ал ер адамға АИТВ диагнозы қойылғаны анықталды. Медициналық сараптама нәтижесінде қыздың ауру жұқтырмағаны белгілі болды. 

Сот жабық режимде өтті. Ер адам кәмелет жасына толмаған қызды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, маусымда Павлодарда төрт өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар