Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
Фото: gov.kz
Алматы қаласында 21–25 наурыз аралығында Наурыз құрметіне ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Мәдени астанамызда лыстың ұлы күніне арналған концерттер, көрмелер, жәрмеңкелер өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әсем қала Алматыда интерактив аймақтар Астана алаңы мен Абай алаңы, Жібек жолы көшесінің жаяу бөлігі және Панфилов көшесі бойында ұйымдастырылады.
21 наурызға арналған аудан бойынша алаңдар:
- Алатау ауданы – ALMATY ARENA (11:00–16:30)
- Алмалы ауданы – М. Ганди атындағы саябақ (12:00–16:00)
- Әуезов ауданы – Сайран көлі жағалауы (11:00–16:30)
- Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы (21–22 наурыз, 13:00–16:00)
- Жетісу ауданы – Алматы ипподромы (11:00–17:00)
- Медеу ауданы – Пушкин көшесі (11:00–15:00)
- Түрксіб ауданы – С. Сейфуллин атындағы саябақ (10:00–16:00)
- Наурызбай ауданы – №221 мектеп (11:00–16:30)
Мерекелік бағдарлама келесідей:
21 наурызда Астана алаңы басты сахнасында 11:00-ден 22:00-ге дейін концерттер, театрландырылған қойылымдар, көрмелер және интерактивті аймақтар өтеді.
Кешкісін отандық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт ұйымдастырылады: Медеу Арынбаев, Сәкен Майғазиев, Нұржан Керменбаев, Ернар Айдар, «Дос-Мұқасан», «Ұлытау», «KeshYOU» топтары және басқалар. Арнайы қонақ ретінде әзербайжандық әнші Роза Зергерли ән шырқайды.
Алаңда әртүрлі тақырыпқа арналған алты киіз үй тігіледі:
- «Ұлы дала әуені» — қазақ композиторларының музыкалық аспаптары
- Robo-киіз үй — роботтар мен зымыран модельдері
- DIGITAL 360 КӨРІНІС — LED-экрандар арқылы табиғат көріністері
- «Сақ мұрасы» археологиялық киіз үйі
- «Дәстүр коды» этно-дизайн киіз үйі
- «Мұра» ұлттық мәдениет киіз үйі
Абай алаңы бұл күні мәдени, спорттық және ойын-сауық орталығына айналады. Мұнда Айгүл Үлкенбаева, «Arkaiym», «Il Canto», «La Bella» квартеттері, Мөлдір Әуелбекова және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан шеберлері қатысатын түркі халықтарының көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Жібек жолы көшесі – Панфилов көшесі аралығында 21–23 наурыз күндері:
- «NAURYZ: Qazaq Sound» концерті
- Robo-диджейлердің өнер көрсетуі
- «Dream Light» жарық шоуы
- «КітапФест-2026» кітап фестивалі
- ашық аспан астындағы көрмелер өтеді
22 наурызда Астана алаңы және Абай алаңы алаңдарында концерттер мен халықтық серуендер жалғасады. Сахнада Алишер Каримов, Нұржан Абай, Turar, Belluci, «Дос-Мұқасан», «KeshYOU» және басқалар өнер көрсетеді.
Жібек жолы көшесі – Панфилов көшесі бөлігінде «Желдірме» дәстүрлі музыка концерттері, қуыршақ театр қойылымдары, Dream Light жарық шоуы өтеді.
23 наурызда Астана алаңы және Абай алаңы алаңдарындағы мерекелік бағдарламалар кешке дейін жалғасады. Қаланың басты алңдарында Дидар Кәден, Сая Махамбет, «Парасат» этно-ансамблі, Роза Рымбаева, «Тұмар» тобы және басқалары өнер көрсетеді.
21–25 наурыз аралығында Алатау дәстүрлі өнер театры (Нұркент, 6) аумағында «Наурыз шоу» цирктік бағдарламасы өтеді. Оған Ресей, Украина және Қазақстаннан келген гимнастар, акробаттар, үйретілген жануарлар және әуе әртістері қатысады. Сонымен қатар цирк қойылымына Мұрат Мутурганов қатысады.
Оқи отырыңыз:
- Наурызнама мерекесі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Тоқаев Алматы әкіміне жаңа жобаларды жетілдіру міндетін қойды
Жаңалықтар
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді
- Бұрын сотталған Асқар Жұмабек түсірілімде әріптесіне қол көтермек болған
- Әсет Матаев төбелескендерді ажыратпақ болып, соққыға жығылды — адвокат
- Тоқаев Алматы әкіміне жаңа жобаларды жетілдіру міндетін қойды
- Атырауда фельдшердің өліміне қатысты іс бойынша 19 адам сот алдында жауап береді
- Бұрынғы қазақтар «Наурыз» мейрамын қалай тойлаған?
- AZAL ұшағы апатына қатысты жаңа деректер: сараптама алынды, қорытынды жасалып жатыр
- ЛРТ және «кірешілер»: арқанмен вагон сүйреген жұмысшылар мемге айналды
- Жеті ел Ормуз бұғазын ашуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді
- Аралдың құрғаған түбінде дрондар ұшып жүр: теңіз орнына тұқым әуеден себілуде
- Ақтөбе облысында бір топ жігіттің төбелесі адам өлімімен аяқталды