Көру қабілетінен айырылған әйел «Аралтұздан» үш миллион өтемақы алды
Фото: Orda.kz
«Аралтұз» кәсіпорнындағы жұмыс беруші әйелдің өмір бойы мүгедек болып қалғанын 850 мың теңге мен отаға кететін шығынмен жабуға тырысқан, деп хабарлайды Orda.kz.
«Аралтұз» кәсіпорны ауыр жарақат алған қызметкеріне 850 мың теңге мен алда болатын отаның шығындарын өтеуді жеткілікті деп санаған.
2024 жылдың қаңтарында «Аралтұз» зауытының қызметкері жұмыс барысында тұз тасып жүрген жүк тиегіштің астында қалған. Әйелдің алған жарақаттары өте ауыр болып, ол көру қабілетін толық жоғалтты, өздігінен жүріп-тұра алмайды.
«Қазір ол үнемі біреудің көмегіне мұқтаж. Оған беті мен көзіне шұғыл ота қажет», – деп жазды Жоғарғы сот.
Жұмыс беруші бұл жағдайды абайсызда болған оқиға ретінде бағалаған. «Аралтұз» қызметкерге 850 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек төлеп, алдағы отаның шығынын өтеуге уәде берген. Алайда әйел моральдық зиянның өтемақысын талап етіп, сотқа жүгінген.
«Еңбек қауіпсіздігі бойынша арнайы тергеу актісіне сәйкес, жұмыс берушінің кінәсі 100% деп танылған. Сотта талапкерге ауыр дене жарақаты келтірілгені, оның физикалық және психологиялық зардап шеккені дәлелденді. Әйелге қайта хирургиялық араласу қажет. Арал аудандық соты «Аралтұз» кәсіпорнынан моральдық зиян ретінде жәбірленушіге 5 миллион теңге өндіріп беруге шешім шығарды», – деп жазды Жоғарғы сот хабарламасында.
Бұған қоса, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі – «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Orda.kz шілде айының басында «Аралтұз» кәсіпорнындағы еңбек жағдайының ауырлығы туралы арнайы материал жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды