Көрші елге шығарылатын 21 тонна мотор майын сатқан ер адам ұсталды

cover Фото: freepik.com

Алматылық ер адам көрші елге жеткізілуі тиіс 21 тонна мотор майын сатып жіберді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Шымкент полицейлері халықаралық жеткізу қызметін көрсетемін деп алдаған алаяқты ұстады. Ол құны 14 миллион теңгеден асатын мотор майының қомақты бөлігін өзі иемденген. 

Полицияның мәліметіне қарасақ, Алматы тұрғыны тауарды оңтүстік астанадан көрші елге тасымалдауға уәде берген. Алайда міндетін орындамай, майды басқа адамдарға төмен бағада сатып жібереді. Тәртіп сақшылары тауарды анықтап, тәркілейді. 

Тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғаушылар күдіктінің кім екенін анықтап, оны қамауға алды. Мотор майы иесіне қайтарылды.

Еске салайық, бұған дейін ақпан айында Алматы облысында 4 балаға шабуыл жасаған педофил сотталған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар