Қораппен суға тасталған марғауларды полицей құтқарып алды

cover Фото: бейнекадрдан үзінді

Полицейлердің мұздай суға тасталған марғауларды құтқарған сәті бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар суға ағып бара жатқан марғауларды көріп, бірден полицияға хабар берген.

«Оқиға орнына патрульдік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Тұрсынбек пен Мұхтархан Заманбай шұғыл жетіп, еш ойланбастан өзенге түсіп, мұздай ағыстан әлсіреп қалған жануарларды алып шықты. Полицейлердің жедел әрекеті арқасында олар аман қалды», деп жазды полиция департаменті. 

Жануарларды құтқарып жатқан сәт қызметкерлердің бейнежетонына жазылып қалған.

Оқи отырыңыздар:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар