Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған

cover Фото: gov.kz

Қазақстан Конституциясының жаңартылған жобасында елдің бұрынғы президенттерінің қолсұғылмаушылық мәртебесі сақталып қалды.  Бұл туралы Orda.kz  Конституциялық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтар болсақ, III бөлімнің «Президент» деп аталатын 48-бабында қазіргі және бұрынғы мемлекет басшыларының қолсұғылмаушылығы туралы норма көзделген.

«1. Қазақстан Республикасының Президенті, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғылмайды.

Қазақстан Республикасының президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде жасаған әрекеттері үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, тек мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайлар бұған кірмейді. 

2. Қазақстан Республикасы президентін және оның отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, қызмет көрсету және күзету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президенттеріне де қолданылады» деп нақты көрсетілген аталған бапта.

Еске салсақ, биылғы 20 қаңтарда Қызылордада өткен ұлттық Құрылтайда президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса сайлау екі ай ішінде өткізілетіні, сонымен қатар  вице-президент лауазымы енгізілетіні белгілі болған еді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар