Конгода министр мінген ұшақ өртке оранды

cover Фото: Бейнеден кадр

Министр Луи Ватум Кабамба бастаған Конго тау-кен министрлігінің делегациясы бар ұшақ елдің оңтүстігіндегі Колвези әуежайына қонған кезде өртеніп кетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Байланыс министрінің кеңесшісі Исаак Ньембоның айтуынша, әуе ұшағы Киншаса қаласынан келе жатқан.

«Жолақтан шыққаннан кейін бірнеше минут өткен соң, ұшақ өртеніп кетті», — деді кеңесші.

20-ға жуық жолаушы эвакуацияланып үлгерді. Олардың ешқайсысы ауыр жарақат алмады. 

Министр мен оның делегациясы 16 қараша күні 32 адам қаза тапқан Калондо шахтасындағы жағдайды бағалау үшін Колвезиге аттанған еді. 

Айта кетейік, Бангладештің бұрынғы премьері өлім жазасына кесілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар