Конференцияның бірінші күні: АҚШ пен Еуропа бір-бірін қағытты, Мюнхен таң қалды, Зеленскийдің күткені осы ма еді?
Фото: TOBIAS SCHWARZ/AFP
Украина президенті Зеленский келіссөздерге дайын екенін, бірақ аумақтарды беруге келіспейтінін айтты. АҚШ вице-президенті Вэнс Еуропаның «іргелі құндылықтарды жоғалтқанын» айтып, Украина тақырыбы жайына қалды. Еурокомиссия басшысы фон дер Ляйен негізсіз тарифтерге жауап қайтару шаралары қолданылатынын ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Bloomberg қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының бірінші күнінің негізгі қорытындыларын шығарды.
• Ресейдің Украинадағы соғысы талқылаудың басты тақырыбына айналды. АҚШ пен Еуропа арасындағы қайшылықтар айқын көрінді. ЕО көшбасшылары мен Трамп әкімшілігінің шенеуніктері бір-бірін сөзбен қағытты.
• Украина президенті Зеленский Киев пен Еуропасыз келісім жасау ақылға қонымсыз болатынын, Трампта «ондай идея жоқ» деп үміттенетінін айтты. Бір күн бұрын ол Ресеймен тікелей келіссөздер жүргізіп, ортақ ұстаным әзірлеу үшін АҚШ бастаған бейбіт бастамаға қатысуға дайын екенін білдірді.
• АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнс өзінің арандатушылық сөзінде негізгі мәселе – Украина тақырыбын айналып өтіп, оның орнына еуропалық көшбасшыларды демократиялық құндылықтарын жоғалтты деп айыптады.
• Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус Вэнстің мәлімдемелерін қабылдауға болмайтынын айтты.
• Қытай Сыртқы істер министрі Ван И оның елі АҚШ-тың «қорқыту тактикасына» қарсы тұратынын айтып, Еуропаның Украинадағы бейбіт келіссөздерге қатысуын жақтады.
• Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен де АҚШ-ты сынап, «сауда соғысы мен жазалау тарифтерінің мағынасы жоқ» деп, олай болған күнде жауап қайтару шаралары қолданылатынына уәде берді.
DW Мюнхен «олардың Мәскеу мен Вашингтонның жақындасу қарқынына таң қалғанын» жазды. Басылымның сұхбаттастары президент Трамптың Путинмен келіссөздер басталмай тұрып-ақ, Украинаның НАТО мүшелігінен бас тартуы керек екенін анық айтып, жеңілдік жасағанын қателік деп атады.
Трамптың көзқарасын сынағандардың қатарында Мюнхен конференциясының басшысы Кристоф Хойсген де бар.
«Менің ойымша, бұл ресейліктермен келіссөздер жүргізудің таңдаулы жолы емес», - деді Хойсген.
CNN хабарлауынша, Мюнхен қауіпсіздік конференциясына жиналғандар Трамп әкімшілігінің Украинадағы соғысты тоқтату жоспары туралы сөз болатынын күткен, оның орнына Ресей мен Қытайдан келетін қауіп-қатерді төмендету туралы сөз болған.
Le Monde газеті АҚШ вице-президенті Джеймс Вэнстің жұма күні Мюнхенде еуропалықтарға демократия сабағын беруді таңдағанын хабарлады. Оның сөзі Вашингтон мен оның еуропалық одақтастары, әсіресе Германия арасындағы алшақтықты одан әрі кеңейте түсті.
Бұған дейін Мюнхен қауіпсіздік конференциясында жүрген украиндық депутат Алексей Гончаренко АҚШ вице-президентінің сөзін «барлық еуропалық көшбасшыларды қорлау» деп айтуға болатынын айтқан.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкентте кәсіпкер мен тоқалының арасында дау шықты
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады