«Компанияның көзін құртпақ»: «ЖелДорТранс» қызметкерлері Тоқаевқа үндеу жолдады

cover Фото: бейнекадрдан үзінді

«ЖелДорТранс-Ақтөбе» қызметкерлері компанияға бұрын-соңды болмаған қысым жасалғанын айтып, еңбек ету құқығын қорғау үшін президентке бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Жұмыскерлердің сөзінше, прокуратура оларға бірнеше ай бойы озбырлық танытқан.

«Біз кәсіби теміржолшылар орган, прокуратура және полиция біздің компаниямыздың көзін құртқалы тұр. Экспертизаны теміржолға қатысты ешқандай біліктілігі жоқ адамдар жасап жатыр. Бұл мәселе сонау 2021 жылдан бері көтеріліп келе жатыр. Ол кезде белгісіз әйел құлағына құлаққап тағып алып теміржолды қиып өткпек болды. Біз болған жайтқа қайғыра көңіл айтамыз, бірақ жұмыскерлер теміржол ережесін бұзған адамның өліміне жауап бере алмайды», – деді жұмыскерлер.

Олардың айтуынша, мәселе кәсіпорынды қорғап қалу емес, әділеттілікті қорғау.

Еске сала кетсек, Алматы облысында теміржол бойынан табылған мәйітке қатысы бар 49 жастағы күдікті ұсталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар