Көкпардағы ойыншының өлімі: оның қарсыласы мен төреші ұсталды
Коллаж: Orda.kz
Қырғызстанда серкені алуға ұмтылған көкпаршыны ат соғып мерт қылған еді. Оқиғаға орай оның қарсыласы мен матч төрешісі ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мирлан Сраждиновтың қайтыс болу фактісі бойынша құқық қорғау органдары 29 жастағы көкпаршы мен 42 жастағы көкпар төрешісін ұстады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 12 наурыз күні Антоновка ауылында өткен көкпар кезінде 44 жастағы ойыншы Мирлан Сраждинов қайтыс болды. Ол серкені жерден көтеруге тырысып, еңкейе бергенде, оған басқа ойыншының аты соғылды. Ер адам шұғыл медицина орталығында дәрігерлер келгенге дейін ашық ми жарақатынан қайтыс болды.
Оқиға орнына келген дәрігерлер оның бас миының ашық жарақаты, бас сүйегі түбінің сынуы, маңдай сүйегінің ашық сынуы, оң көзінің жарақаты, мұрынның жабық сынуы болғанын айтты.
Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторында отыр.
Жаңалықтар
- Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Павлодарда мердігерді қорқытып, ақша бопсалаған ҚТЖ-ның екі қызметкері 7 жылға сотталды
- Тоқаев үкіметті сынға алып, кадрлық шешім қабылдауға уәде берді
- Трамп Гренландия мен Канаданы АҚШ-қа қосып алған «әлемнің жаңа картасын» көрсетті
- Тоқаев Нұрайдың өлімінен кейін Шымкент полициясының жұмысына баға беруді тапсырды
- Конституциялық сот судьяларын президенттің ұсынуымен парламент бекітетін болады
- «Кәсібиліктің жоқтығы мен немқұрайлылық» — Тоқаев медсақтандыру қорындағы былықтар туралы айтты
- Президент алаяқтар мен жемқорлардың жымысқы әрекетін алдын алуды тапсырды
- Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, екі ай ішінде президент сайлауы өткізіледі
- Елімізде жаңа билік органы — Халықтық кеңес құрылды
- Бірпалаталы парламентке «Құрылтай» деген атау беріледі — Тоқаев
- Тоқаев Құрылтай төрінде Самұрық-Қазына қорына сын айтты
- Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз бостандығы мен әйелдердің заң саласына араласу мәселесі көтерілді
- Қызылордада тарихи Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
- Түркістан облысында 6 және 8 жастағы қыздарды өгей әкесі жылдар бойы зорлап келген
- Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті
- Молдова ТМД-дан шығу процесін бастады
- Ақмола облысында шахтада ер адам қаза тапты
- Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
- Жаркентте баласын байлап сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды