«Қоян атқан»: Мойынқұмда аң аулауға шыққан 13 жастағы бала көз жұмды

cover Фото: Pixabay

Мойынқұм ауданында түнде аң аулауға шыққан екі жасөспірімнің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жасөспірімдердің бірі оқ тиіп қаза тапқан. Марқұмның жасы небәрі 13-те болған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалар далада қоян аулаған. Бірі аңды алыстан атып, артынан іздеп барған.

Жараланған қоян қашып кетпек болғанда, екінші бала оны тоқтатпақ болып оқ атқан. Сол оқ барып қоянның қасындағы досына тиген.

Қазір бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, «Хан-Тәңірі» клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу футбол алаңында көз жұмды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар