КММ-да бюджеттің 40 млн қаражатын ұрлау фактісін анықтады

cover Фото: Pexels

Астана қаласындағы «Олимпиада ойын түрлеріне жатпайтын спортты дамыту дирекциясы»  КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісі анықталды.

Бұл туралы Қаржы маниторинг агенттігі хабарлады.

2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражат жымқырылды. Іс жүзінде жиындар өткізілмеді.

Жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырған. Заңсыз әрекеттен мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар