Киевке жасалған шабуылдан қала толықтай жарықсыз қалып, бір адам қаза тапты
Фото: pravda.com.ua
Ресей әскерлерінің Украина астанасына жасаған жаппай шабуылы салдарынан бір ер адам қаза тауып, 32 адам жарақат алды, олардың екеуі — балалар. Қаланың электр қосалқы станциялары зақымданып, Киев дерлік толықтай қараңғылық құшағына енді, деп хабарлайды Orda.kz «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.
Киев полициясының мәліметінше, 27 желтоқсанға қараған түні және таңертең болған жаппай аралас шабуыл салдарынан 71 жастағы ер адам көз жұмып, тағы 32 адам жараланған, олардың ішінде екі бала бар.
Украина Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Киевте 10-нан астам көпқабатты тұрғын үй, жекеменшік үйлер мен азаматтық инфрақұрылым нысандары зақымданған.
Дарницкий ауданында соққы салдарынан пансионатта тұрған шамамен 70 қарт адам эвакуацияланды. Құтқарушылар үйінділерді аршу, апатты құрылымдарды бұзу және зақымданған ғимараттарды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиға орындарында жылыну пункттері ұйымдастырылып, далалық асханалар жұмыс істеуде, зардап шеккендерге көмек көрсетілуде, деп жазады басылым.
27 желтоқсанға қараған түні Ресей әскерлері Украинаға жаппай шабуыл жасап, шамамен 500 ұшқышсыз ұшу аппаратын және 40 зымыранды, оның ішінде «Қанжар» үлгісіндегі зымырандарды қолданған. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, негізгі нысан — Киев қаласы, оның энергетикасы мен азаматтық инфрақұрылымы болған.
Кезекті атқылау салдарынан Киевте және Киев облысында тұтынушылардың «елеулі бөлігі» электр қуатынан ажыратылды, деп хабарлады «Укрэнерго».
Киевке жасалған шабуыл нәтижесінде Украина Білім және ғылым министрлігінің ғимараттарының бірі, сондай-ақ мемлекеттік «Киев авиациялық институты» университетінің (бұрынғы НАУ) жатақханасы зақымданған.
Құтқарушылар 28 желтоқсан күні таңертең шабуыл салдарын жою жұмыстарын аяқтады.
Елдің ТЖМ бөлімшелері үйінділерді аршып, апатты жағдайдағы құрығыларды бөлшектеп, ғимараттарды тексеріп жатыр.
Түнгі уақытта зардап шеккен үйлердің тұрғындары жылыну үшін арнайы жабдықталған шатырларға орналасты.
Зардаптарды жоюға 400-ден астам құтқарушы мен 90 бірлік арнайы техника тартылды.
Киевке жасалған бұл жаппай шабуыл Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі қарсаңында болып отыр. Айтпақшы, бүгін Ақ үй Трамп пен Зеленскийдің кездесуі кейінге жылжығанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
- 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
- Израильде өлім жазасы неге бәріне бірдей жүрмейді? Заңға шолу және халықаралық реакция
- Израильде терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын кесетін заң қабылданды
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады
- Трамп: АҚШ Ирандағы әскери операцияларды тоқтату мәселесін талқылап жатыр
- Жеңіл пайда: TikTok-та халықты алдап 20 млн табыс тапқан адам ұсталды
- Ұлттық, діни және әлеуметтік алауыздық. Бас прокуратура үндеу жасады
- Енді Қазақстан сарбаздары швед үстелінен тамақтанады
- Ирандық спорт командаларына «дұшпан» елдерге баруға тыйым салынды
- Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаева Астанада фотосессия жасады
- Пәкістан мен Ауғанстан неге соғысып жатыр?
- Ормуз бұғазындағы қиындық: Жапония Қазақстан мен Әзербайжаннан мұнай импорттайды
- AIRAN жобасының жұмысы тоқтады
- «Екі жыл бойы қысым көрді»: Атыраудағы оқушы қызды пышақтауға мектептегі буллинг себеп болған