Қазақтың «Робин Гуды» лудоман болып шықты
Коллаж: Orda.kz
Жуырда алаяқтықпен ұсталған «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист Руслан Өтепбайға «Елге көмек бер» қайырымдылық қорын Ілияс Сариевпен бірігіп ашқан Ақтоты Дүйсеева сұхбат берді. Ол сұхбат барысында Ілиястың құмар ойындарына миллиондап ақша тіккенін жасырмады.
«Жуырда ғана оның артық қылықтарын байқадық. Құмар ойындарына қаражат тігеді екен. Өз көзіммен көрдім. Миллиондап салған. Негізі 2014-2015 жылдары ойын ойнағанын білемін. Кейін «қойып кеттім» деген. Қайта қашан бастағанын білмеймін. Алған ақшасын орнына қоя алмай қалғаны сол үшін шығар», — дейді Ілиястың серіктесі.
Ақтоты Дүйсеева Ілияс Сариевтың 2018 жылы сөз салғанын айтты. Ол Ілиястың отбасы барын білмепті. Әрі Ақтоты Дүйсеева Ілиястың мұқтаждарға берілген 10 үйді сатып жібергенін білмейтінін айтты. Алайда Руслан Өтепбай 10 үйді сатып алған адаммен хабарласқанда үйдің иесі мүлікті Ақтоты Дүйсеевадан сатып алғанын айтты. Нәтижесінде Ақтоты Дүйсееваның үстінен де қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, 10 сәуір күні «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев ұсталды. Кейін ол 2 айға қамауға алынды. Бұған дейін Orda.kz Ілияс Сариевқа алданғандар туралы мақала жариялаған болатын. Сонымен қатар Сариев бірге істеген әріптестерін де алдап кеткен.
Жаңалықтар
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер