Қазақстанның бас прокуратурасы «Эпштейн файлдары» бойынша тексеріс бастады

cover Фото: АҚШ әділет министрлігі

Қазақстанның бас прокуратурасы «Эпштейн файлдарына» қатысты тексеріс бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

25 ақпанда мәжіліс отырысында депутат Асхат Рахымжанов бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына депутаттық сауал жолдап, қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың Джеффри Эпштейнмен байланысы туралы ақпаратты тексеруді сұрады.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, ведомство жарияланған материалдарды зерделеп, деректерді тексеруді бастап кеткен.

«Әрине, бұл – маңызды мәселе. Депутат енді ғана сауал жолдады, бірақ бұл мәселені бүкіл әлем талқылап жатыр. Сондықтан біз, құқық қорғау органы ретінде бұл фактілер болған-болмағанын тексеріп жатырмыз», – деді ол.

Бас прокурор Эпштейннің Қазақстанға келген, келмегені де тексеріліп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар