Қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті

cover Фото: Ашық дереккөзден

Жеңіл атлетикадан Кэролайн Чепкоеч Кипкируи допингке қарсы ұйымға өзін ақтай алмады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

2021 жылы Қазақстан азаматтығын алған кениялық спортшының 2023 жылдың қарашасынан бастап барлық нәтижелері алынып тасталып, екі жылға дисквалификацияланды.

AIU сайтында допингке қарсы халықаралық ережелердің 2.4 тармағын сақтамау – спортшының жарыстан тыс тестілеуге қатысу талаптарын бұзғаны көрсетілген.

Ережеге сай, спортшылардың құзырына АИУ талабы бойынша бір уақытта қайда болатынын арнайы жүйеде көрсетуге міндеттеледі.

Жарыстан шеттетілген адамның ақталуына мүмкіндігі бар. Егер спортшы форс-мажорлық жағдайға байланысты белгі жасай алмағанын дәлелдеуі керек.

Еске сала кетейік, Кэролайн 2018 жылы әйелдер арасында 5 шақырымдық жарыста әлемдік рекорд орнатса, 2022 жылғы Азия ойындарында Қазақстанға 5 шақырым және 10 шақырымдық жарыста екі қола медаль әкелген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар