Қазақстандық блогердің күйеуі сталкиң үшін 25 тәулікке қамалды

cover Фото: instagram/ @amangalieva

Алматы облысында блогер әрі актриса Анеля Аманғалиеваға қатысты қудалау ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Іс Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралды. Анель Амангалиеваның мәліметінше, айыпталушы 2025 жылдың қыркүйегінен бастап жәбірленушіні оның еркінен тыс жүйелі түрде қудалаған. Ол бірнеше рет қоңырау шалып, мессенджерлер арқылы хабарламалар жіберген. Жәбірленуші айыпталушыны бұғаттаса да, кейін де байланыс орнатуға тырысқан. Сонымен қатар банк қосымшасы арқылы аз мөлшерде ақша аударып, аударым кезінде мәтіндік хабарламалар қалдырған.

Жүйелі қудалау салдарынан жәбірленушіде үрей мен мазасыздық пайда болып, ұйқысы бұзылған, бұл оның психикалық жағдайына елеулі зиян келтірген.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы («сталкиң») бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамауға алды. Аталған бап бойынша ең жоғары жаза – 50 тәулік.



Соттан кейін Анеля Аманғалиева әлеуметтік желіде пікір білдіріп, алда апелляциялық саты болуы мүмкін екенін айтты. 

Еске сала кетейік, Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы концертін берді. Оның кеші Пхукетте өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар