Қазақстандағы USAID қызметі егжей-тегжейлі тексеріледі - Жұманғарин

cover Фото: tock.adobe.com

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің елдегі қызметіне баға берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Үкімет депутаттардың USAID-тің Қазақстанға әсері туралы сұрауына 14 беттік жауап дайындап ұсынды. Жауаптағы ең маңыздыларына келер болсақ, 2023-2024 жылдары USAID еліміздегі жобаларға 26,5 млн бөлген. Сонымен қатар қаражат экономика, энергетика, денсаулық сақтау, азаматтық қоғам, медиа сынды бағыттарға бөлінген. 

Алдағы уақытта үкімет шетелдік қаржыландыруды және оның қызметін қатаң бақылайды. Заң бұзушылықтар сол мезетте тіркеледі. 

«Сонымен қатар мүмкін болатын алаяқтық жолдары мен қаражатты пайдаланудағы сәйкессіздіктерді байқау үшін қаржы ағындарын талдау қажет» деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ СІМ USAID қызметін егжей-жегжейлі талдау, саралау үшін жұмыс тобын құрады. Қаржы министрлігі шетелдік ұйымдардың заң, әлеуметтік сауалнамалар мен қоғамдық пікір салаларын қаржыландыруына байланысты мониторинг жүргізеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар