Қазақстандағы ең ірі кәсіпорынның тең иесі қамауға алынды

cover

Қаржы мониторингі агенттігі Тиолайн компаниясының тең иесі Виктор Долгалевке қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

ҚМА 2024 жылдың 3 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Тиолайн» компаниясының тең иелерінің бірі Виктор Долгалевті жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін ұстағанын хабарлады.

Ол сот рұқсатымен қамауға алынды. Қылмыстық іс одан әрі тергеу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаментіне жіберілді.

Сонымен бірге, Долгалев аса ірі көлемде кіріс алуға байланысты заңсыз кәсіпкерлікке қатысты тергелуде.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдың наурыз айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияның 38 миллиард теңге көлеміндегі қаржылық және инвестициялық міндеттемелерін бұзуына байланысты Обуховское кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған.

Жоғарғы Сот уәкілетті орган әрекетінің заңдылығын растады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар