Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы жарияланды

cover Фото: Orda.kz

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының атауы «Балқаш» деп жарияланды. Ең үздік атауға арналған конкурс бір ай бұрын аяқталған, деп хабарлайды Orda.kz.

Байқауға 27 мың қазақстандық өз ұсыныстарын жолдаған. Өтінімдер eGov Mobile арқылы қабылданды. Ұсыныстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • тарихи және мәдени маңызы;
  • атом энергетикасының имиджіне сәйкестігі;
  • айтуға жеңіл, есте сақтауға оңай болуы;
  • бірегейлік және ерекшелік.

Қоғамдық адамгершілікке сай келмейтін, қорлайтын немесе кемсітетін сөздер, сондай-ақ коммерциялық брендтерді қолданған нұсқалар қараусыз қалдырылды. Осылайша алғашқы АЭС-тің атауы «Балқаш» деп ресми бекітілді.

Еске сала кетейік, алғашқы атом электр станциясы Алматы облысындағы Үлкен кентінің маңында салынбақ. Екінші станцияны да дәл осы өңірде салу жоспарланып отыр.

Тамыздың басында АЭС құрылысының басталуына орай Үлкен ауылында өткен шарада қос тарап символикалық түймені басып іске қосқаны туралы репортажды Orda.kz сайтынан оқуға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар