Қазақстанда жұмыс күні қысқарады ма?
Фото Orda.kz
Қазақстандағы уақыт өзгерісінің бір салдары – қараңғылықтың ерте батуы. Журналистер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповадан күннің тым ертерек батуына байланысты жұмыс күнін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ па деген сұрақ қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Министр қазіргі уақытта қолданыстағы еңбек заңнамасы ыңғайлы жұмыс кестесін құруға мүмкіндік беретіндігін айтты.
«Бұл жағдайда жұмыс уақытын қысқарту туралы мәселе туындамайды. Яғни, 40 сағаттық жұмыс аптасы болса, қызметкер 5 күн бойы 8 сағат жұмыс істеуі керек. Бірақ жұмыс берушімен келісе отырып, жұмыстың басталу мен біту кестесін өзгертуге болады», — деді Жақыпова.
Министрдің айтуынша, оның ведомоствасында қызметкерлерге ыңғайлы жұмыс кестесі қарастылыған екен.
«Мысалы, әртүрлі жастағы кішкентай балалар бар, бірі балабақшаға, екіншісі мектепке барады.Сол сияқты жұмыс күнін екі сағатқа ұзартып немесе бір-екі сағатқа кейін келуге рұқсат етіледі. Бұл мәселелер қарастырылуда. Қаласаңыз түскі ас уақытын жұмысқа бөліп, кеште ертерек кетіңіз. Кез- келген жұмыс беруші қызметкерлеріне ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін бұл шараларды қабылдайды», — деп қосты Жақыпов.
6 қыркүйекте «Amanat» партиясының депутаттары бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етті. Мәжілісмендер уақыттың жаңа UTC+5 форматына көшуіне байланысты қазақстандықтардан көптеген шағымдар түсіп жатқанын атап өтті.
Ал вице-премьер Тамара Дүйсенова аталған талапты зерттеп, кейінірек жауап беретінін айтты.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы