Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады

cover Фото: freepik.com

Қасым-Жомарт Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға бағытталған заңдағы өзгерістерге қол қойды. Бұл құжат аясында ойын бизнесіне қатысты нормалар да жаңартылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстанда казино тек арнайы белгіленген аймақтарда ашылады. Атап айтқанда:

– Маңғыстау облысы, Каспий теңізі жағалауы;

– Панфилов ауданы және Алакөл жағалауы (Жетісу облысы);

– Талғар ауданы (Алматы облысы);

– Марқакөл маңы және Зайсан ауданы (Шығыс Қазақстан облысы).

Заңға сәйкес, казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселерді табиғи аумақтарда, тарихи-мәдени жерлерде, сондай-ақ қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мақсатындағы аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.

Ең басты жаңалықтардың бірі – бұл ойын орындарына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ғана кіре алады. Құмар ойын орталығының ашылуы елде туризмді дамытуға және шетелдік инвестиция тартуға бағытталып отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар