Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанда Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттің айтуынша, Отбасы омбудсмені президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады. Сондай-ақ ол атқарылған жұмыстар туралы мемлекет басшысына тұрақты түрде есеп беріп отырады.
«Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілдің қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуын күшейтіп, отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді деп сенемін. Бұл жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жүзеге асыруға, сондай-ақ отбасы саясаты саласындағы өзге де маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», – деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, жақында біз Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайдың өрбуін мұқият қадағалап отырғанын жаздық.
Таяу Шығыста кезекті шабуылдар өршіді. 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Тегеран қаласына соққы жасады. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ әскери базаларына және Израильге зымырандар ұшырды.
Оқи отырыңыз:
- Ирандағы елшілік Қазақстан азаматтарын дайын болуға үндеді
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
Жаңалықтар
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды