Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
Коллаж: Егемен Қазақстан
Елімізде бір ай төлем жасамағандарға жаңа несие беру шектеледі. 19 наурыздан бастап тұтынушылық несиелерге қатысты жаңа ережелер күшіне енді, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді төлемді кешіктірген азаматтарға несие алу қиындай түседі. Бұл өзгерістер жыл басында қабылданған «Банктер және банк қызметі туралы» заң аясында енгізіліп отыр.
Бұрын қарызды 90 күннен астам уақыт өтемегендерге ғана несие беруге тыйым салынатын. Енді бұл мерзім 30 күнге дейін қысқартылды. Яғни, бір айдан аса төлем жасалмаса, жаңа несие рәсімдеуге шектеу қойылады.
Осылайша, кез келген берешегі бойынша 30 күннен артық кешіктірген азаматтар енді жаңа тұтынушылық несие ала алмайды. Сонымен қатар, онлайн немесе кепілсіз несие алу кезінде міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өту талабы да күшіне енді.
Жаңа талаптар банктердің жауапкершілігін де күшейтеді. Егер клиенттің шотына немесе несиесіне қатысты алаяқтық әрекеттер анықталса, банк бұл туралы 1 күн ішінде хабарлап, 2 күнде бұзушылықтарды жоюы керек. Ал толық салдарын 10 күн ішінде реттеуге міндетті.
Бұған дейін Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың шамамен жартысы несие алуға тыйым орнатқаны хабарланған еді. 5,1 млн-нан астам азамат «Stop-credit» қызметі арқылы өз атына несие мен микронесие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым қойған.
Оқи отырыңыз:
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Несиені уақтылы төлей алмағандар не істеуі керек?
Жаңалықтар
- Жыл басталғалы терроризмге қатысы бар 17 адам сотталып үлгерді
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады