Қазақстан Ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Фото: Kff
Қазақстан ұлттық құрамасына уақытша жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бапкерлігін өз қолына алды. Бұл Талғат Маруаұлының алғашқы бапкерлігі емес, 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын.
«Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарға дайындайды», — деп мәлімдеді ҚФФ.
Сондай-ақ Қазақстан Футбол Федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне тағайындалатын үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар.
Ал Али Алиев ешқайда кетпейді. Ол Байсуфинов көмекшісі қызметін атқарады.
Еске сала кетейік, «Реал Мадридтің» бас бапкері Хаби Алонсо алматылық «Қайратты» жеке ойыншылар тұрғысынан да, команда ретінде де бағалап, олардың өз алаңында сенімді ойыны испандықтар үшін сынақ болуы мүмкін екенін айтты
Жаңалықтар
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Талғардағы атышулы іс бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды