Қазақстан қызылша ауруы бойынша әлемдегі алғашқы үштікке енді

cover

Қазақстан қызылша ауруы бойынша әлемде алғашқы үштікке кіреді.

Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары хабарлады.

«Қызылшаның өршуі бойынша 10 ел: 1 – Йемен (25 216 жағдай; 2 – Үндістан (14 927 жағдай); 3 – Қазақстан (12 985 жағдай)» делінген кестеде.

Антирейтинг көшбасшылары қатарында Эфиопия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Ресей, Ирак, Индонезия және Нигерия да бар.

Деректер 2023 жылдың мамырынан қазанына дейінгі кезеңді қамтиды.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауыратындар күніне 250-350 адам екенін  және тиімді иммундау жағдайында бұл ең жоғары көрсеткіш екенін хабарлаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар