Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды

cover Фото: Olimpic.kz

Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар