Қазақстан азаматын қырғызстандық «досы» тақырға отырғызып кетті
Фото: Бейнеден кадр
Қырғызстандық Kaktus.media редакциясына Қазақстан азаматы Дамир Ахметжанов көмек сұрап хабарласты. Ер адам қырғызстандық азаматқа алданып қалған. Дамир оған Қытайдан Geely Manjaro көліктерін жеткізу үшін 60,8 мың доллар төлеген. Бірақ ақша да, көлік те, қырғыз азаматының өзі де ұшты-күйлі жоғалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ахметжанов Қазақстан мен Қырғызстанда автомобиль сатып алу-сатумен айналысады. Ол 2023 жылы жазда Джалал-Абад облысының тумасы Нұрмаз Әміраевпен кездеседі (аты-жөні өзгертілген). Қырғызстандық жігіт те автомобильдермен айналысатын болып шығады.
«Біз отбасы болып араласып, достарға айналдық. Біз Алматыдан Бішкекке бардық, олар бізге қонаққа келіп жүрді. Содан кейін ол маған Қытайдан Geely Manjaro маркалы автомобильдер сатып алуды ұсынды. Мен оған алдымен 14 мың доллар, содан кейін тағы 6 мың доллар, содан кейін тағы қаражат бердім», — деді Ахметжанов.
Қырғызстан азаматы ақша алғаннан кейін жақын арада көлік жеткізетінін айтқан. Бірақ көп өтпей хабарсыз кеткен.
«Әміраев есеп айырысуда қандай да бір мәселелер болып жатқанын, шоты бұғатталғанын айта бастады. Мен бір жылдан астам уақыт күттім. Кейін Аламудун ішкі істер бөліміне өтініш жаздым. Тергеуші Әміраев көрсеткен шоттың бұғатталғаны туралы қағаздың жалған екенін айтты», — деді қазақстандық.
Нұрмаз Әміраев бұған дейін қазақстандық «досына» өзінің жоғары лауазымды достары бар екенін, ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиевпен байланысы барын айтып мақтанған. Сонымен қатар, прокуратура қызметкерінің қызметтік куәлігін көрсеткен.
«Нұрмаз маған сыныптасы — Қырғыз Республикасы президентінің іс басқарушысы Қаныбек Тұманбаев екенін жиі айтатын. «Мен онымен Ыстықкөл қаласына жиі барып, кейбір жобаларды талқылаймын» дейтін», — деді Ахметжанов.
Қырғызстанда осы қылмыстық іске байланысты сот өткен. Сотта Әміраев тек 30 мың доллар беруге дайын екенін айтқан.
«Сот процесінде ол судьямен және прокурормен дос сияқты сөйлесті. Бір рет іс тергеуге жіберілді. Бірақ ештеңе өзгертілмеді және қайтадан сотқа қайтарылды. Мен бірнеше рет сотқа, ҰҚК-не, Бас прокуратураға және Қазақстан елшілігіне шағым жаздым. Бірақ ешқандай нәтиже болмады», — деді Ахметжанов.
Қазақстандық азамат Қырғызстанның жоғары билік органдарынан бұл істі жеке бақылауға алуды сұрайды.
Айта кетейік, Қырғызстанда 17 жастағы Айсулуу Мұқашеваны өлтірді деген күдікпен ұсталған 41 жастағы Құмарбек Абдыров бірнеше қылмысын мойындады. Тергеу дерегінше, ер адамның өзге де зорлық пен кісі өлтіру істеріне қатысы болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран