Қазақстан әйелдер денсаулығының әлемдік рейтингінде Ұлыбритания, Франция және Ресейден алда
Америкалық Hologic медициналық компаниясы үшінші жыл қатарынан құрастырған әйелдер денсаулығының жаһандық рейтингінде Қазақстан 31-ші орынға ие болды. Әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасы жөнінен еліміз Еуропаның бірқатар елдерінен алда, деп хабарлайды Orda.kz.
2023 жылға арналған Hologic рейтингінде Қазақстан бұрынғы орнында қалды - АҚШ пен Таиланд арасында. Медициналық қызмет көрсету сапасы және әйелдердің дәрігерлер жұмысына қанағаттануы бойынша Қазақстан Ұлыбританиядан (37 орын), Жаңа Зеландиядан (39), Франциядан (40) және Сауд Арабиясынан (44) жоғары болды.
Hologic мәліметінше, 2023 жылы қазақ әйелдері денсаулық пен қауіпсіздіктің жалпы сапасын жақсырақ бағалай бастады, бірақ жеке деңгейде өз денсаулықтары туралы оң пікір білдірген жоқ.
Рейтингтегі бірінші орынды Тайвань (Қытай Халық Республикасының провинциясы) иеленді. Тізімде Өзбекстан 52-ші, Тәжікстан 55-ші, Ресей 59-шы, Қырғызстан 66-шы орында. Ауғанстан соңғы, 142-ші орында.
Рейтинг бүкіл әлем бойынша жүргізілген сауалнамаларға негізделген. Респонденттерге дәрігерлерге қаншалықты жиі қаралатынын, онкологиялық және қант диабетіне скринингтік тексеруден тұрақты өтіп тұратынын, жүкті әйелдердің жоғары сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алатынын және т.б. сұрақтар қойылды. Сұрақтардың бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы мен әйелдердің қауіпсіздігіне де қатысты.
Дегенмен, өзіңді алдауға болмайды: Қазақстанда медицина бойынша көптеген мәселелер бар. Мегаполистерде әйелдер жоғары сапалы медициналық көмекке сенсе, ауылдарда немесе аудандық ауруханаларда медициналық қызмет көрсету деңгейі кейде жоғары стандарттарға сәйкес келмейді. Мәселен, ақпан айында Атырау қаласы тұрғынына операцияға өз құралымен келуді айтқан.
Жаңалықтар
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды