Қазақ билігі елден шығарған украиналық Мәскеуде тұтқынға алынды

cover Фото: freepik.com

25 жастағы DevOps-инженер, OpenAI-мен ынтымақтастықта болған маман Қазақстаннан шұғыл түрде депортацияланды. Алайда, ол бірден Ресейде мемлекеттік опасыздық ісі бойынша күдікті атанды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оның ұсталуының ресми себебі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Сонымен қатар, кальян шегу бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Құқыққорғаушылар бұл хаттамаларды қолдан жасалған деп санайды. Депортация рәсімі әдетте айға созылса, бұл жолы бірнеше сағатта аяқталған.

IT-маман РФ аумағына ұшақ қонған бойда ұсталған. Украина азаматына Ресейде қарулы күштерге ақша аударды деген айып тағылып, мемлекеттік опасыздық бабымен іс қозғалған. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Белгілі болғандай, IT-маман Қазақстанға саяси себептермен, қудалаудан қашу мақсатында көшіп келген. Алайда жергілікті биліктің жедел әрекеті салдарынан ресейлік күш құрылымдарының қолына түскен.

Айта кетейік, Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу Дабидегі келіссөздер кейінге қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар