Қаза тапқан ұшқыштарға айып тағылды: Алматыда 2019 жылы құлаған Bek Air ұшағына қатысты сот болып жатыр

cover Коллаж: Orda.kz

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында Bek Air ұшағының апатына қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

2019 жылдың 27 желтоқсанында болған Bek Air ұшағының апаты 12 жолаушының өмірін қиды. Араға бірнеше жыл салып, тергеу 2024 жылы ғана аяқталды. Одан кейінгі бірнеше айда тараптар іс материалдарын қарады.

«Прокурор, сіз дайын емессіз!»

Сотта Fokker100 ұшағының апатына қатысты іс қаралды. Апат салдарынан 12 жолаушы ғана емес, экипаж мүшелері — Марат Мұратбаев (оқиға орнында қаза тапты) және Миржан Мұлдақұлов бір айдан кейін қайтыс болды.

Фото: Orda.kz

Айыпталушы ретінде дәл осы екі пилот көрсетілген. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар рейс алдында ұшақтың қанаттарын мұздан тазарту процедурасын тиісті деңгейде жүргізбеген. Яғни, мұздануға қарсы өңдеу жұмыстары дұрыс орындалмаған.

Сот процесін судья Дастан Алмағамбетов жүргізіп жатыр. Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы, көлік прокуратурасының прокуроры, сондай-ақ қаза тапқан ұшқыштардың жұбайлары мен зардап шеккен жолаушылардың мүддесін қорғайтын үш адвокат қатысты.

Фото: Orda.kz

Журналистер сотқа тек бесінші отырыстан кейін ғана қатыса алды. Осы сәтте белгілі болғаны — айыпты тек ұшқыштарға артуға қатысты тергеу тұжырымы барлық тараптың қолдауына ие бола қойған жоқ.

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында қаралып жатқан Bek Air ұшағының апатына қатысты іс бойынша тыңдалым барысында бірнеше маңызды жайт анықталды. Prokuror Нұржан Қайратұлының жұмысына судья ескерту жасады. Ал қайтыс болған экипаж командирі Марат Мұратбаевтың сараптамасы бойынша сынға ұшырады.

Судья Дастан Алмағамбетов Көлік прокуратурасының прокуроры Нұржан Қайратұлының дайындықсыз келгенін қатаң сынады:

«Бүгін төртінші процесс өтіп жатыр. Таңнан кешке дейін отырамыз, бұл сіздің бірінші сөзіңіз. Неге дайындықсыз келесіз? Қай томда қандай материал бар екенін білмейсіз. Өткен отырыста екі сағат бір дискіні іздедік. Осындай резонанс тудырған көп томды істің сотына дайындықсыз келуіңізді түсіне алмаймын! Прокурор, іске араласыңыз, материалдарды зерттеңіз».

Прокурор Қайратұлы өз кезегінде бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайтынын уәде етті.

Фото: Orda.kz

Ұшқыштардың шешімі «қателік болды»

Қайратұлы ұсынған сараптама қорытындысына сәйкес, пилоттар қанаттардың мұзданғанын байқаса да, тек ұшақтың құйрық бөлігін ғана өңдеуге тапсырыс берген.

«Марат Мұратбаевтың жағдайында ұшақ қанаттарын өңдемеу шешімі — үлкен қателік болды. Бұл шешімге Bek Air әуе компаниясының иесі Жұмасұлтанов, ұшу директоры Сапаров және нұсқаушы Шмидт қалыптастырған үнемдеуге бағытталған ішкі корпоративтік мәдениет әсер еткен. Яғни, ұшудың қауіпсіздігі емес, коммерциялық табыс алдыңғы қатарда тұрған», — деді прокурор.

Прокурордың сөзінше, компания ішіндегі жүйелі қысым ұшқышты тәуекелге баруға итермелеген.

Фото: Orda.kz

Қате шешім қабылдауға не түрткі болды?

Сараптама бойынша, алғаш сәтсіз ұшып көрмек болғаннан кейін Мұратбаев рейсті тоқтатуы тиіс болған, бірақ олай етпеді. Прокурордың пікірінше, бұл рейсті орындауға міндеттегеннен және жұмыстағы қысымды ойлап осындай тәуекелге бел буған.

«Bek Air компаниясында басты басымдық — коммерциялық тиімділік болды. Ал қауіпсіздік екінші орынға ысырылған. Мұратбаев мұздауды толық түсінбегендіктен, қайта ұшуға бел буды», — деді прокурор.

Прокурор тағы бір назар аударарлық мәлімдеме жасады. Мұратбаевтың физикалық және психикалық жағдайы да қабылдаған шешімдеріне әсер еткен.

«Оның жай-күйі баяу, есенгіреген күйде болған. Бұл — жүйке жүйесіне әсер ететін дәрі-дәрмектерді қолданудан болуы мүмкін. Ол рейске дейін қан қысымын тұрақтандыру үшін дәрілер қабылдаған».

«Анаприлин» мен «Кетанол» препараттары — авиациялық дәрігердің рұқсатымен қабылданған. Бірақ бұл дәрілердің орталық жүйке жүйесіне жанама әсері бар. Содан ойлау қабілетінің төмендеуі, бас айналу, бастың ауруы болады.

Фото: Orda.kz
«Бұл дәрілер бір-бірінің әсерін күшейтіп, Мұратбаевтың ойлау қабілетін әлсіретіп, төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдауына кедергі келтірген болуы мүмкін», — деп түйіндеді прокурор.

Сот процесі жалғасып жатыр. Айыптаушы тарап Bek Air ішкі саясаты мен ұшқыштың жеке дайындығын басты себеп ретінде атап отыр. Алайда бұл тұжырымдармен жәбірленуші тарап пен қорғаушылар қаншалықты келіседі. Ол алдағы отырыстарда анықталады.

Адвокаттар қайшылықты көрсетті

Алайда уақыт өте келе прокуратура тағы да ыңғайсыз жағдайға тап болды. Қорғаушылар сарапшылар жұмысының күмәнді тұстарын анықтады. Адвокаттардың айтуынша, бір құжатта ұшақтан алынған су сынамалары бір сұйықтықпен өңделген деп көрсетілген, ал қорытынды есепте мүлдем басқа сұйықтықпен өңделді деп жазылған. Қорғаушылар мұндай қайшылықтың маңызды мәні барын атап өтті.

Мемлекеттік айыптаушы Сейітов бұл айырмашылықты нақты түсіндіре алмады. Бұл жағдай айыптау тарапының дәлелдеріне күмән тудырып отыр.

«Соттан барлық сарапшыларды жауап алуға шақыру туралы өтінішті қанағаттандыруды сұраймын. Себебі бір ғана себепке байланысты олардың арнайы кәсіби даярлығы қандай екенін анықтау қажет. Сараптама қорытындысының бүкіл мәтіні айыптау тарапының материалдарынан көшірілген. Демек, олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдейтін нақты дәлелдерді ұсынуы тиіс», — деді адвокат Сергей Державец

Оның айтуынша, сарапшылардың тағы бір қателігі бар. 

«ИКАО талаптарына сай, екі ұшақ арасындағы уақыт аралығы кемінде үш минут болуы керек. Ал бұл жағдайда бір минут 46 секунд болған. Мұндай жағдайда әр секунд маңызды. Өйткені бірінші ұшақ ұшып шыққанда пайда болатын ауа ағыны мен құйын кейінгі ұшаққа әсер етеді. Сарапшы мұны ескерді ме? 100 пайыз ескерген жоқ. Бұл сарапшының жеткілікті тәжірибесі жоқ екенін көрсетеді», — деді Державец

Сергей Державецтің бұл уәжін басқа адвокаттар да қолдады.

Алматыдағы Bek Air ұшағының апатына қатысты сот процесінде қаза тапқан ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың өлер алдында берген куәлігі оқылды. Ол 2019 жылдың желтоқсанындағы трагедия алдындағы оқиғаларды егжей-тегжей баяндаған.

«Экипаж әуежайға уақытында келді. Ұшақтың жай-күйін алдын ала қарап шықтық. Қанаттың беткі жағын көзбен және қолмен тексерді. Құрғақ әрі таза болды», — деген Молдақұловтың сөздері хаттамаға енгізілген

Стабилизаторға ерекше көңіл бөлінді.

«Командирмен стабилизатор жайлы сөйлестік. Оны 1-типтегі мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеуге шешім қабылдадық. Ауысым инженері шақырылып, ұшақтың құйрық бөлігін өңдеуге тапсырма берілді.
Барлық жүйелер қалыпты тексерілді. «Штурвал, стабилизатор — бәрі де тексерілді. Ауытқу байқалмады. Бізге рұқсат берілді. Бірақ алдыңғы ұшақ ұзақ тұрды. Ол ұшып кеткен соң, 2–3 минуттан кейін бізге де ұшуға рұқсат берілді. Жылдамдық алған соң, қондырғыны жинағаннан кейін ұшақты лақтырып жіберді. Командир не болғанын сұрады. Ұшақ экипаждың әрекетін кеш орындады. Басқаруда қиындық туды. Ұшақ солға лақтырды, мен шассиді жинауға үлгермедім. Ұшып кеттік. Командир: «кетіп қалдық, кетіп қалдық» деді».

Стабилизатордың жұмысы түсініксіз болған:

«Стабилизатор өз алдына бөлек өмір сүріп жатқандай көрінді. Командир қозғалтқышты 35 %-ға дейін азайтып, кабрирлеуді төмендеткісі келді, бірақ ұшақ төмен құлдилай бастады. Екеулеп әрең көтердік. Ұшақ тұмсығымен жерге қадалмау үшін, іш жағымен қондырдық. Содан кейін басқаруға келмейтін қозғалыс басталды».

«Неге ұшудан бас тартпадыңдар?» деген тергеуші сұрағына:

«Біз шешім қабылдау жылдамдығынан өтіп кеттік. Одан кейін тоқтамау керек. Бұл — технологияға сай әрекет». 

Сонымен қатар ол ұшақтың алдыңғы бөлігін тексергенін айта кетті.

«Үш жерден ұстап, қолмен тексердік. Мен командирден ұзындаумын, сондықтан алдыңғы бөлікті өзім тексердім. Темір құрғақ әрі таза». 

Метеожағдайлар әсер етті.

«Алдымызда үлкен жел тұрды —б 140 м/с. Жел жоқ деді. Бірақ біз 40 тонна болатын ұшақта сол желмен ұшып кеттік. Қайық секілді лақтырды». 

 Келесі сот отырысы 7 тамызға белгіленді.


 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар