«Қаза болғандар бар»: Жәрмеңкеде жарылыс болды

cover Фото: freepik.com

Таиландтағы қайырымдылық жәрмеңкесінде жарылыс болды, деп хабарлайды Orda.kz

Таиландтың солтүстік-батысындағы Так провинциясында қайырымдылық жәрмеңкесі кезінде жарылыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам мерт болды. Екеуі оқиға орнында көз жұмған, екеуі ауруханада қайтыс болды. 40-тан астам адам жараланған. 

Мәліметтерге сүйенсек, жарылыс жергілікті уақыт бойынша түн ортасында болған. Полиция 16 және 17 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар жарылғыш затты қайырымдылық жәрмеңкесіне алып келіп, қуаттаған болуы мүмкін. 

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар