Катар Шығыс Қазақстанда су электр станциясын салуы мүмкін
Фото: «Самұрық-Қазына» қорының ресми телеграм арнасы
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Катардағы ірі энергетикалық Nebras Power компаниясының басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» қорының ресми Telegram-арнасы.
Олар Шығыс Қазақстанда қуаты 350 МВт-қа дейін жететін су электр стансасын салу мүмкіндігін талқылады. Жақыповтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» АҚ жобаның ілгерілеуіне көп күш жұмсады.
Оның айтуынша, қазір «Самұрық-Энерго» жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде, бұл жұмыстарды биылғы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонда жобаның шамамен құны белгілі болады.
Nebras Power – штаб-пәтері Дохада, Катарда орналасқан жетекші энергетикалық және инвестициялық компания. Компанияның негізгі инвестициялары Таяу Шығыстың, Оңтүстік-Шығыс Азияның, Сахараның оңтүстігіндегі Африканың, Шығыс Еуропаның, Орталық Азияның және Латын Америкасының қарқынды дамып келе жатқан нарықтарында шоғырланған.
Жаңалықтар
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды