Қатаң бақылаудағы әуежайға қаскөй пышақты қалай алып кірді?

cover Коллаж: Orda.kz

Оrda.kz тілшісі әуежай полициясының желілік бөлімінің бастығынан қауіпсіздік мәселесіне түсініктеме беруді сұрады. 

Подполковник Руслан Өзбеков қылмыскер қатаң тексерісті талап ететін аймаққа суық қаруды қалай апарғаны туралы ойын айтты. 

«Әуежай аумағына пышақпен кіру мүмкін емес. Өйткені тексеру қызметі қатаң жұмыс істейді. Тергеу барысында қылмыскердің пышақты алып кіру себептері анықталады», - деді ол.

Қазір полиция шабуылдаушы қаруды тексеру аймағына қалай апарып, авиациялық қауіпсіздік қызметкеріне қауіп төндіргені тексеріліп жатыр. 

«67 жастағы ер адам ұсталды. Ұсталғаннан кейін ол полиция бөліміне жеткізілді. Қазір уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық іс қозғалды», - деді полицей.

Еске салайық, Алматыдағы әуежайда шу шығарған ер адамды қарусыздандырған азамат танымал отандық әншінің ағасы болып шықты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар